вторник, 5 января 2010 г.

Тамшы- тағдыр



Алматы. Жып-жылы жаңбыры
Жанына ол қыздың ұнайтын.
Ал, оның тағдыры, жан-мұны
Жарысып жаңбырмен жылайтын.

Ақ нөсер астында тұратын,
Оларда ұқсастық бар шығар...
Бір-бірін тек үнсіз ұғатын -
Тамшыға қосылып тамшылар.

Қарайтын тамшының көзіне
Себебі, тым жақсы көретін.
Мөп-мөлдір моншаққа өзі де
Айналып кеткісі келетін..

2 комментария:

  1. Мен де жақсы көремін ғой жаңбырды.... А????

    ОтветитьУдалить
  2. Алматы. Жып-жылы жаңбыры
    Жанына ол қыздың ұнайтын.


    ООО, жауынды мен де керемет жақсы көрем...! Іштегі мұңды шайып әкеткендей күй кешесің ғой...! Мынау Өлең барлық қыздардың нәзік жанын ұға білген екен.

    ОтветитьУдалить