воскресенье, 3 января 2010 г.

Қызым Інжуге

Қызым менің,
Сәуле шашып ойнасын жүзіңде күн.
Өз қолыммен өсірген қызғалдағым,
Қаламаймын гүлімнің үзілгенін.

Қызым менің,
Қылығыңды тәп-тәтті жүзім дедім.
Дархан дала өмірдің бақшасынан,
Жемісіңді қалаған үзіп жегің.

Қызым менің,
Болашағыңды ойлаумен бұзылды өңім.
Қысқа-қысқа тағдырлар құрайды екен,
Тарам-тарам тірліктің ұзын жолын.

Қызым менің,
Бой жетерсің боялып қызылға ерін.
Бұл әкеңнің тілегі - анаңдай бол,
Анаң сенің атанған түзу келін.

1 комментарий:

  1. Тамаша жазылған өлең екен. Қыз баланың анасына қарағанда әкеге жақын болатын кездері көп.

    ОтветитьУдалить